Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тасжолында Mercedes-Benz 200 және ВАЗ 2107 көліктері жол апатына ұшыраған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметке сәйкес Mercedes-Benz 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Оқиға салдарынан төрт адам көз жұмған.

"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!