Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Фото: Қостанай облысы ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі

Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолда көлік апатынан төрт адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысы ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі Қостанай-Әулиекөл-Сұрған республикалық маңызы бар тасжолында жол апаты болғанын мәлімдеді. 

Оқиға 28 қазан күні таңертең Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Новонежинка және Жусалы елді мекендерінің арасында болған.

59 жастағы TANK көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2112 көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде, ВАЗ көлігіндегі төрт адам оқиға орнында қайтыс болды, ал TANK көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева