- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында жол...
Қостанай облысында жол апатынан егіз бала мен олардың анасы мерт болды
Фото:
polisia.kz
Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, жол апаты 7 ақпанда Қостанай – Қарабұтақ тас жолының 470-шақырымында болған.
JAC S3 автокөлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озғысы келіп, қауіпсіздікке көз жеткізбестен қарсы қозғалыс жолағына шығып, ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам – 9 жасар екі бала және олардың 33 жастағы анасы қаза тапты.
"Тергеу жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – "Жол жүру ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан