- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында жоғалып...
Қостанай облысында жоғалып кеткен әжесі мен немересі өлі табылды
Фото:
видео кадры
Қостанай облысында жоғалып кеткен әжесі мен немересі өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты іздеу жұмыстарымен айналысқан еріктілер растады.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында әжесі мен немересі жоғалып кеткені хабарланған болатын. Құтқарушылардың мәліметінше, 1965 жылы туған Наталья Шамарова мен 2012 жылы дүниеге келген Яна Салихова кеше жоғалған.
Олар Тобыл қаласына бет алған. Сондай-ақ, телефондары өшірулі болғаны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина