- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында жоғалып...
Қостанай облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз өлі күйінде табылды
Фото:
©️ instagram/poisk_region_10
Қостанай облысында жоғалып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша Газетаға" сілтеме жасап.
2008 жылы туған Дарья Тайронина Әулиекөл кентіндегі үйден 26 маусымда кетіп, жоғалып кетті. Жасөспірімді екі күн бойы полиция мен еріктілер іздеді. 28 маусымда қыздың өлі табылғаны белгілі болды.
"Полиция Әулиекөл ауданында 16 жастағы қыздың мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әмиян сыйлауға бола ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә