Алдыңғы түні 1996 жылы туған ер адам Қостанай облысы Жангелді ауданындағы Қөлқұдық қыстағынан мотоциклмен шығып, қалың тұман салдарынан жолда адасып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оны іздеуге құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шықты.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жоғалған адам Торғай ауылынан алты шақырым жерден табылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өздерінің қайда бара жатқанын жақындарына ескертіп отыруды және әрқашан өздерімен байланыс құралдарын алып жүру керегін айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз