- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында жоғалған...
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыз дельтапланмен іздестіріліп жатыр
7 тамызда таңертең жоғалып кеткен бес жасар Мадина Ерланқызын кешкі уақытта іздестіру үшін дельтаплан жұмылдырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Дельтапланмен қостанайлық компаниялардың бірінің басшысы Сергей Хоменко қамтамасыз етті. Оның компаниясы облыстағы авиациялық-химиялық жұмыстармен айналысады.
"Маған Қостанай облысында жоғалған баланы іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны туралы хабарланған бойда өз көмегімді ұсынғым келді. Дельтаплан жоғалған адамды іздестіру жұмыстарында тиімді", - дейді Сергей.
Ведомство мәліметінше, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуде дельтапландардың бірнеше рет пайдасы болған.
Мадина 1000 гектардан аса аумақта іздестіріліп жатыр.
Г. Досымшалова"Іздеу жұмыстары егістік алқаптары арқылы және Тобыл өзенінің арнасы бойымен жүзеге асырылып жатыр. 500-ден аса азамат еріктілер қатарына қосылды. Іздеу жұмыстарына кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары көмек көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.