Қостанай облысында жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Қостанай облысында жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында жерлер мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Ұзынкөл ауданының прокуратурасы жер қатынастары саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады.

"2023-2024 жылдары аудан прокуратурасы осы мәселе бойынша әкімдіктің атына 7 қадағалау актісін енгізді, соның нәтижесінде мемлекет кірісіне ауданы 13,6 мың га жер учаскелері қайтарылды, кадастрлық құны 219 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Биыл прокуратураның бастамасы бойынша уәкілетті орган жалпы ауданы 5,6 мың гектар болатын тағы 56 учаске бойынша тексеру іс-шараларын бастағаны айтылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget