- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында жедел...
Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, фельдшер қаза болды
Қостанай облысы Арқалық - Торғай тасжолында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, жол апаты 19 шілдеде сағат 22.30-да болған. Далалық жермен келе жатқан Chevrolet Niva жүргізушісі қауіпсіздікке көз жеткізбей, қосалқы жолдан басты жолға шыға бергенде, Жангелді аудандық орталық ауруханасының арнайы автокөлігі УАЗ-бен соқтығысқан.
Салдарынан УАЗ-да отырған фельдшер қаза болған. Әйел алған жарақатынан ауруханада жан тапсырған. Ал жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жарақат алған.
Сараптама нәтижесінде Chevrolet Niva көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мас болғаны анықталған. Полиция Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 3-тармағы "Адам өліміне әкеп соққан жүргізушінің мас күйде жол ережелерін бұзуы" бойынша соталды тергеу жұмыстарын бастаған. Кінәлі адам 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ж. Қадыржанова