- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тұрғын үйден өрт шықты
Қостанай облысында жарылыстың алды алынды
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанай облысында өртсөндірушілер жарылыстың алдын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Бүгін, 23 қарашада Меңдіқара ауданы Боровское ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты.
"Барлау барысында өртсөндірушілер газ баллонын тауып алып, суытып, қауіпсіз жерге шығарды. Жарылыс қаупінің алды алынғаннан кейін, кәсіби өртсөндірушілер өртті сөндірді", - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Жетісу ауданы Айнабұлақ-1 ықшамауданындағы жиһаз цехында өрт шыққаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан