- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында жантүршігерлік...
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар
Қостанай облысындағы жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" сайтына сілтеме жасай отырып.
17 желтоқсанда сағат 20:20 шамасында Қостанай - Сарыкөл автожолында Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada Granta көлігімен соқтығысқан. Бұл туралы өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Апат салдарынан екі көліктегі жолаушылар сол жерде қайтыс болды. Жүргізушілер әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
"Осы факті бойынша полиция ҚК - нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - деп хабарлады полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы