Қостанай облысында иттердің өлексесі табылды. Бұл дерек бойынша тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Жітіқара қаласының полициясы иттердің өлексесін табу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша соталды тергеу бастаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!