Қостанай облысында полиция департаментінің орынбасарынан бастап, лауазымды қызметтегі тағы алты полицей жұмыстан кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Есірткі бизнесінің жолын кесудің орнына, заңсыз кәсіптен пайда көріп келген осы тәртіп сақшыларының дені нашақорлыққа қарсы күрес басқармасында істеген.
Бұл іс мамыр айында әшкере болғанда тек үш полицей темір торға тоғытылады. Олардың ісі бойынша тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатыр. Екі айға жуық тексерістен соң полиция департаментінің басшылығы түгел дерлік қызметтерінен қуылды. Кейбірі өз еркімен рапорт жазған.
"Қызметтік тексеріс нәтижесінде бірқатар қызметкерқатаң тәрітіптік жазаға тартылды. Атап айтқанда, 11 қызметкер жауапкершілікке тартылды. Оның бесеуі басшылық құрамнан. Өзінің атқарып отырған лауазымдарынан босатылды және де қылмыс жасаған қызметкердің өзі ішкі істер органдарынан шығарылды. Қалған қызметкерлер түрлі жауапкершілікке тартылды", - деді Қостанай облысының ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!