- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында ерекше...
Қостанай облысында ерекше табиғат құбылысы анықталды
Қостанай облысындағы аудандардың бірінде ерекше табиғат құбылысы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша газетаның" Telegram арнасына сілтеме жасап.
Қарасус ауданындағы егіс алқаптарының бірінде куәгерлер жердегі үлкен шұңқырды байқаған. Аудан әкімдігі шұңқырдың табиғи әсердің салдарынан пайда болғанын мәлімдеді.
Фото: "Наша газета"
Әкімдік мәліметінше, ауыл шаруашылығы алқаптарында көлемі 3х4 метр, тереңдігі 10 метрге дейін жететін шұңқыр пайда болған.
"2023 жылғы күзден бері судың көп түсуіне, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға, сондай-ақ биылғы су тасқынына байланысты жер толығымен қаныққан, осыған байланысты жер асты суларының деңгейі көтерілген көшкін болды", - деді әкімшілікте.
Оқиға орнында түсірілген кадрлар үлкен шұңқырдың ішінде шағын тесік пайда болғанын және оның тереңдігі бір қарағанда әлдеқайда үлкен екенін көрсетеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек