- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында ер...
Қостанай облысында ер адам тал түсте қарумен қорқытып, ірі көлемдегі ақшаны қолды еткен
Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 ақпанда күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің біріне келіп, қарумен қорқытып, 792 мың теңге сомасында ақшаны алып, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, сондай-ақ, автокөліктер тексерілді.
"Күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама тағайындалды", - деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.
Күдікті қамауға алынды. Оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова