Қостанай облысында ер адам саңырауқұлақтан уланып өлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 4 қыркүйекте Әулиекөл ауданы ауылында болған. Ақпаратты облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева растады.
Қоңырау 23:56-да түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері 23:59-да келді. Жедел жәрдем дәрігерлері тобы 1977 жылы туған ер адамның оқиға орнында көз жұмғанын айтты.
Жедел жәрдем келгенше ер адам көз жұмған. Өлімнің болжамды себебі - саңырауқұлақтан улану. Әйелінің айтуынша, ол саңырауқұлақ жеген. Таңертең ер адамда галлюцинация болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз