Қостанай облысында ер адам әйелі мен ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әулиекөл ауданында отбасына қатысты аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер 51 жастағы ер адамды ұстаған.
"Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу органдары мән-жайды мұқият анықтап жатыр", - деді ІІМ өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова