- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында экобелсендіге...
Қостанай облысында экобелсендіге шабуыл жасаған адам ұсталды
Қостанай облысының полицейлері экобелсендіге шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл оқиға былтыр 25 желтоқсанда болған еді. Рудныйда белгісіз адам экобелсендіге шабуыл жасаған болатын. Әлеуметтік желіде ер адамның бетіне газ спрейі шашылып, көлігінің дөңгелегі тесілгені айтылған еді.
Осы дерек бойынша Рудный қаласының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеуді бастады. Оның шеңберінде тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізілді. Нәтижесінде күдікті Қостанай тұрғыны ұсталды. Қазір оның неліктен мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр.
Полиция департаменті өкілі қазір барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, сараптамалар тағайындалғанын, сондай-ақ, өзге адамдардың осы қылмысты жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатқанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова