Қостанай облысында екі үй өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Қостанай облысының Заречный ауылында екі үй қора-қопсысымен өртеніп кетті. Телеарна мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Қорадағы 28 ұсақ мал мен 24 үй құсы қырылып қалды. Сонымен қатар, үйге жақын тұрған жеңіл көлік те өртенген. Қатты соққан желдің салдарынан қызыл жалын үшінші үйдің шатырын да шарпыды.
Өртсөндірушілердің жедел қимылының арқасында өрт сөндірілді. Өрт кезінде үш газ балоны жарылып, құтқарушылардың да өміріне айтарлықтай қауіп төнген. Алдын-ала болжам бойынша, от 250 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің неден тұтанғаны әлі белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!