Қостанай облысында екі әйел егде жастағы әжейді ұрып кеткен. Бұл туралы қоғам белсендісі, "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Арғы күні екі әйел әжейді сабап кеткен. Әжей жалғыз тұрады. Басында әжейді пәтерінде ұрып, сосы далада ұра бастады. Оларды басқа бір әйел тоқтатып, әйел егде жастағы әжейді ауруханаға апарып, туыстарына хабарласқан. Бүгін әжей Федоровкадағы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы көбірек адам біліп, ол әйелдер тиіс жазасын алса дейміз", - делінген хатта.
Желідегі суретке қарағанда әжей оңбай таяқ жеп қалған. Дина Таңсәрі бұл істі Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша қарастыру керегін айтқан.
Артынша қоғам белсендісі жергілікті полиция департаментінің жауап беруін сұраған.
Бұл жазбадан кейін Қостанай Полиция департаменті істі қолдарына алған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!