Қостанай облысында бірнеше ауданды су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денисов ауданы Набережное ауылынан 4 шақырым жерде қар еруіне байланысты Аршалы және Набережное ауылдары арасындағы жергілікті маңызы бар тасжолды су басқан. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, елді мекендерге қауіп жоқ, көлік қатынасы бұзылмаған.
"ТЖД күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Ал Қостанай ауданы Мичурино ауылында Мелиоратор бау-бақшасы жағынан қар еруіне байланысты су Астана және Восточный шағынаудандарына қарай ағып жатыр. Тұрғын үйлер мен аулаларды су басу қаупі жоқ", - деді ТЖД өкілі.
Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, полиция жұмылдырылған. Қазір Мичурино ауылының Восточный шағынауданында еріген қар суы шығарылып жатыр.
"Қонай шағынауданы бойынша ешқандай қауіп жоқ. Жедел құтқару жасағы жағдайды бақылау мақсатында дрон қосып, әуеден шолып қарады. Жағдай тұрақты, барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова