Өткен демалыс күндері Қостанай облысында ойын-сауық мекемелерінде қорқор шеккені үшін 10 адам жауапкершілікке тартылды. Қостанай мен Рудныйда полицейлер түнгі клуб пен кафеде кальян шеккен 10 заңбұзушыны анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың барлығы 15 АЕК (55 мың теңге) көлемінде айыппұл арқалады. Сондай-ақ бұзушылықтар тіркелген мекемелердің үш иесіне өз мекемелерінде кальян шегуді ұйымдастырғаны үшін 20 АЕК (77 мың теңге) айыппұл салынды.
Жыл басынан бері Қостанай облысында 200-ге жуық құқықбұзушы жауапқа тартылды.
Қазақстанда оқу орындары, медициналық мекемелер, мейрамханалар, кинотеатрлар сияқты қоғамдық орындарда, сондай-ақ көлік пен вокзалдарда темекі бұйымдарын, электронды темекі мен кальян шегуге тыйым салынады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!