Әлеуметтік желіде жасөспірімдерден соққы жеген ер адамның видеосы тарады. Облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға былтыр қарашада болған. Арқалықта жасөспірімдер 54 жастағы ер адамды ұрып тастаған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында балалар 15-16 жаста екені белгілі болған. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.
Сот-медициналық сараптама бойынша ер адам қатты зардап шекпегендіктен қылмыстық іс тоқтатылған. Полиция бұл деректі қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда, ата-аналарын және олар оқитын мектеп әкімшілігін шақыра отырып қарауға бастамашы болды.
Сонымен қатар, ата-аналарға қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін полиция ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Сот іс жүргізу шешімін қабылдайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!