Қостанай облысында көлік жүргізушісі жолда қатып қалған елікті видеоға түсіріп алған. Кейбір желі қолданушылары бұл жануарды ақбөкен десе, кейбіреулері сібір елігі деп болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода бұл жер Үлкен Чураковка ауылының маңы екені айтылады. Ал желі қолданушыларының бір бөлігі жүргізушіні айыптаса, енді бірі жануарлар мұндай ауа райына үйренгенін жазды.
"Бұл - сібір елігі. Мұндай жануарға (осындай ауа райы - еск.) қорқынышты емес. Оның қозғалуына кедергі болатын жалғыз нәрсе - көре алмайтыны. Қардан қабағы бір-біріне жабысып қалады", - деп жазды желідегілердің бірі.
Айта кетейік, 26 желтоқсанда Қостанай облысында ауа райы қолайсыз болды. Боранға байланысты полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына ескерту де жасады.
Дауылды жел қатты екпінімен Қостанай облысының бірқатар ауылын тіпті электр қуатынсыз қалдырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!