Қостанай облысының Ұзынағаш ауылында белгісіз жыртқыш бір үйдің қорасына түсіп, қойларын қырып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astana.tv арнасына сілтеме жасап.
Барлығы тоғыз ұсақ мал қырылған. Жаралылары да бар. Жергілікті тұрғындар мұны ауылдағы қаңғыбас иттерден көріп отыр.
"Күзден бері мұндай жағдай осымен үшінші рет болып отыр", - дейді ауыл әкімі.
Адамдар қазір күн батқанда көшеге шығуға да қауіптенетін болыпты.
"Қаңғыбас иттер бос жүрген ауылда бар. Үйді үйді аралап иттеріңе ие болыңдар, байлап ұстаңдар деп айтамыз. Аудандағы ветеринарларға хабарладық осы жағдайды. Бірақ олар "атуға рұқсат жоқ, ештеңе істей алмаймыз", - дейді Қарақоға ауылдық окруігінің әкімі Тілеуғабыл Дүйсенов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!