Қостанай облысында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды

Қостанай облысында 13 жастағы жасөспірім өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Қарабалық ауданында болған. Жасөспірім 16 қарашада жоғалып кеткен болатын. 

"Қостанай облысының Қарабалық ауданында 16 қарашада сағат 16:30 шамасында үйінен Тоғызақ өзеніне балық аулауға шығып кеткен 2011 жылы туған жасөспірімді іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстарымен құтқарушылар, полицейлер, еріктілер айналысты. Іздестіру жұмыстарына жоғалған адамның туыстары, кинологиялық бригадалар мен жүзу құралдары жұмылдырылды", - деп хабарлады жергілікті ТЖД.

Алайда құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Жеткіншектің денесін төтенше жағдайлар қызметі тауып, су бетіне шығарды.

Еске салайық, күні кеше бір ай бұрын жоғалып кеткен алматылық қыз өлі табылғанын хабарлаған едік

1994 жылы туған Әйгерім Супатаева 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 15А үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Әйгерім сол күйі үйіне оралмаған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!