- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында әйел...
Қостанай облысында әйел мен оның үш баласы уланып қалған
Қостанай облысында әйел мен оның үш баласы уланып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Қостанай облысының Федоровка ауылында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелері бұзылған. Ал салдарынан бір әйел мен үш бала улы газдан уланып қалған.
"Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Жылуды, электр құрылғыларының күйін қадағалаңыз, ғимараттарда темекі шекпеңіз", - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданында тұрғындар тамақтан жаппай уланғаны хабарланды.
23 ақпанда кешке "Алиман" мекемесіне барғаннан кейін 23 адам облыстық орталық ауруханаға жатқызылған.
"Жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жіберілді, оның ішінде балалар да, ересектер де, жүктіліктің 19-аптасында болған әйел де бар, 8 адам үйінде ем қабылдап жатыр", - деп жазылған еді хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова