Қостанай облысына қарасты Екатеринбург – Алматы М-36 тасжолында астық тиеген жүк көлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көлік апаты жолдың 535-шақырымында, Арман ауылына жақын жерде болған.
"30 тоннаға жуық астық тиеген "МАЗ" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі көлікті жалғыз жүргізіп келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, рөлді басқара алмай қалған", - делінген хабарламада.
Құжаттарды тексеру барысында полицейлер көліктің облыстық ЖШС-ның бірінде тіркелгенін анықтады.
Көлік кранның көмегімен жолдан алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!