ЖШС "Навигатор" авиакомпаниясына тиесілі UP-A0124 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар Ан-2 әуе кемесінің Арқалық-Ақсұңқар (Қостанай) бағытында № АК31224 санитариялық рейсін орындау мақсатында 16:10-да ұшуды жүзеге асыру кезінде биіктіктің күрт төмендеуінен су айдынына (еріген су) тайып қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әуе кемесінің бортында 2 экипаж мүшесі және 3 қызметтік жолаушы болған. Барлық жолаушы мен экипаж мүшесі Арқалық ауруханасына жеткізілді.
Алдын ала ақпарат бойынша құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.
Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес авиациялық оқиға ретінде жіктеледі және оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруге тиіс.
Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Бұл оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!