• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қостанай облысында алтынды заңсыз өндірген компанияға айыппұл салынды

Қостанай облысында алтынды заңсыз өндірген компанияға айыппұл салынды
Фото: depositphotos.com

ҚР АШМ ЖРБК Қостанай облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жітіқара ауданының прокуратурасымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп, жайылымдық жер учаскесінде заңсыз алтын өндірілгенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеру барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жер учаскесін иеленгені анықталды. Алайда жер иесі оны мақсаты бойынша пайдаланудың орнына, топырақты жуу әдісі арқылы заңсыз бағалы металдар өндірумен айналысқан.

Аумақты тексеру кезінде арнайы техника, металл іздегіштер және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге арналған басқа да құралдар табылды. Сонымен қатар құнарлы топырақ қабатының жойылғаны анықталды.

"Осыған байланысты департамент тарапынан ЖШС-ға 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ заңсыз әрекеттер нәтижесінде бұзылған құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіру міндеттелді", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget