- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында алаяқ...
Қостанай облысында алаяқ тұрғындардың 10 миллион теңгесін алып қойған
Қостанай облысында алаяқ тұрғындардың 10 миллион теңгесін алып қойған, - деп хабарлайды Alau.kz.
Қостанайлық полиция қызметкерлері облыстың 15 тұрғынына онлайн несие рәсімдеген алаяқты ұстады.
29 жастағы облыс тұрғыны 10 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. 15 дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Ер адам тұрғындардың сеніміне кіріп, өзін шетел азаматы ретінде таныстырған. Ол қиын жағдайда, ақшасыз қалғанын айтқан. Алаяқ тұрғындардан туыстары оған ақша жіберу үшін банк шоттары туралы мәліметтерді сұраған", - дейді Қостанай қалалық полиция басқармасының тергеушісі Саят Асанов.
Күдікті жәбірленушілердің телефондары арқылы онлайн несиеге өтініш беріп қана қоймай, тауар сатып алған.
Қазір бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек