- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында алапат...
Қостанай облысында алапат өрт салдарынан жол жабылды
Қостанай облысында түтіннің кесірінен республикалық маңызы бар "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолы жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында қатты орман өрті сейілмей тұр. Осыған байланысты Қостанай-Әулиекөл-Нұр-Сұлтан бағытындағы тасжолды жабу туралы шешім қабылданды. Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап хабарламалар жіберіп жатыр. Өрт үйлеріне таралып кете ме деп қауіптенген ауыл тұрғындары қолдан жасалған петардалармен (жердегі өрттерді сөндіруге арналған орман өртіне қарсы құрал - автордың ескертпесі) өртті сөндіруге көмектесіп жатыр.
"Тыныс алу қиын, бәрі түтінге толып қалды, орман жақтан қатты жылу сезіледі. Өрт қатты күшпен таралып жатыр. Ауылға өрт таралама деп қорқамыз", - дейді Новонежинка ауылының тұрғыны.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тұрғындар Әулиекөл ауданына қарасты Озерное ауылындағы үйлер мен ормандағы балалар демалыс лагерінің өртеніп кеткенін, алайда бұл ақпаратты құзырлы органдар әзірге растаған да, жоққа да шығармағанын айтады. Жақын маңдағы ауылдарды көшіру туралы ақпарат желі арқылы да таратылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова