Қостанай облысында алаңда ток соққан қыздың жағдайы қиын, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ДСМ өкілдері хабарлады.
"2014 жылы туған Д. есімді науқас бес күннен бері Қостанай қаласындағы облыстық балалар ауруханасында жатыр. Баланың жағдайы ауыр. Оң динамика байқалмайды", - дейді дәрігерлер.
Еске салайық, бұған дейін алаңда ток соққан 9 жастағы қыздың жағдайын білуге Астанадан мамандар баратыны хабарланған болатын.
Оқиға 27 тамызда Қостанай облысында алаңда болған. Көпіршік шашылып, кәмелетке толмаған қызды ток соққан еді.
Бұл дерекке қатысты Қостанай облыстық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. ПД мәліметінше, көпіршік кешінде кәмелетке толмаған баланы ток соққан.
"Полиция бұл дерек бойынша соталды тергеуді бастады. 25 тамызда Ұзынкөл ауылында 9 жастағы қызды ток соққан. Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілді. Кәмелетке толмаған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген Полиция департаментінің Massaget.kz тілшісіне берген жауабында.
Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүріп жатқанын, қажет сараптама тағайындалғанын атап өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!