- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында әкім...
Қостанай облысында әкім асылып өлген жерінен табылды - БАҚ
Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды. Бұл туралы TobolInfo ақпарат агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БАҚ-тың хабарлауынша, шенеунік 19 наурызда асылып өлген жерінен табылған. Әкімдік бұл ақпаратты әзірше ресми растаған жоқ.
Тастемір Тұрсынбаев 1964 жылы Қостанай облысында дүниеге келген, мал дәрігері мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын электромонтер болып бастап, Ұзынкөл ауданы Петропавл ауылдық округінің ветеринария бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті. Содан 16 жыл сол ауданның әкімі болды.
2015-2018 жылдар аралығында Тастемір Тұрсынбаев Пресногорковский ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 2023 жылы үзілістен кейін ол бұл қызметке қайта тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан