Қостанай облысында Тобыл өзеніне шомылуға барған ер адам мен кәмелетке толмаған қыз суға батып кетті. Қайғылы оқиға 13 тамызда Нечаевка ауылының маңында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tobolinfo мәліметінше, ер адам өзен жағасына бес баламен бірге барған. Олар шомылуға арналмаған жерге түскен.
Бір кезде екі қыз суға бата бастаған. Оның бірі өз күшімен жағаға шығып үлгерген, ал екіншісі су астына кеткен.
Ер адам қызды құтқармақ болған. Алайда алдын ала мәлімет бойынша, оның өзі де жүзе алмаған. Қатты ағыс екеуін де жағадан алыстатып әкеткен.
ТЖД қызметкерлері қыздың денесін сол күні кешке тауып, судан шығарған. Ер адамды іздеу келесі күні де жалғасып, 14 тамызда оның денесі табылған.
Іздеу жұмыстары кезінде құтқарушылар жағалау бойындағы шамамен 2,5 шаршы шақырым аумақты тексерді. Дронның көмегімен 12 гектардан астам жер қаралған. Ал сүңгуірлер өзен түбінің шамамен 39 мың шаршы метрін зерттеген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz