Қостанай облысында 9 жастағы баланың қолы шойын батареясына кептеліп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қостанай облысының ТЖД-ға сілтеме жасап.
23 қазанда сағат 21:15-те 112 қызметіне хабарлама келіп түскен. 9 жастағы баланың қолы батареяға кептеліп қалған.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу қоңырау шалған мекенжайға аттанды. Мамандар барлық қажетті шараны қолданып, күнбағыс майын пайдаланып баланың қолын босатқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!