Қостанай облысында 70 шетелдік құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірде Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен 70 шетел азаматы құтқарылды.
"Бүгін таңертең құтқарушылар Арқалық қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан Жезқазған - Петропавл а/ж-да техникалық ақауы шыққан автобустан Тәжікстан Республикасының 70 азаматын эвакуациялады", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарылған шетелдіктер Арқалық қаласының автостанциясына жеткізілген. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!