Қостанай облысында 63 жастағы тұрғын қарасорадан тағам дайындаған. Полицейлер оның үйінде арақ қорабынан салмағы 500 грамнан асатын өсімдік тектес заттың ұнтағын тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам шөптен денсаулыққа "пайдалы" ботқа пісіретінін айтқан. Полицейлер затты сараптамаға жіберді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 480 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!