- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында 5...
Қостанай облысында 5 жасар қыз жоғалып кетті
Жексенбі, 7 тамызда Қостанай облысында 2017 жылы туған қыз жоғалып кетті. 5 жасар Мәдина Ерланқызының жоғалып кеткені туралы "Дос" іздеу-құтқару жасағының еріктілері мәлім етті, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Таңғы сағат 05:00 шамасында кішкентай қыз Жамбыл ауылындағы үйінен шығып кетіп, әлі оралмаған. Болжам бойынша, қыз тек іш киім киген. Ерекшеліктері: сөйлемейді.
Кішкентай қыз екі әпкесінің қарауында болған. Әпкелерінің біреуі 13 жаста болса, екіншісі - 18 жаста. Еріктілердің айтуынша, қыздар таңертең оянғанда сіңлісінің үйде жоғын байқап, іздеген. Полицияға кішкентай қыздың жоғалғаны туралы анасы хабарлаған.
Полиция департаменті хабарлама келіп түскеннен кейін бірден іздестіру жұмыстарына кіріскенін жеткізді. Қостанай полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша іске кірісті.
Іздеуге еріктілер де қосылды. Баланың орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажет шара қабылданды.
Г. Досымшалова