Қостанай облысында 40 жастағы ер адамды 23 жастағы туысы өлтіріп тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы 18 ақпанда Қостанай облысындағы аудандық ауруханаға 05:00 шамасында басынан жарақат алған 40 жастағы ер адам жеткізілген. Ол ауруханада жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, жәбірленушіге осы күні оның 23 жастағы алыс туысы келген. Олардың арасындағы ұрыстан кейін 40 жастағы ер адам ауруханаға түскен.
Күдікті қылмыс орнында ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!