- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында 30-дан...
Қостанай облысында 30-дан аса борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Қостанай облысында 30-дан аса борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанай облысының прокуратурасымен құқықтарды қорғау мақсатында алимент өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Прокуратура органдарын үйлестіру кезінде тұрақты жалақысы жоқ 130 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетілді.
Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты қатаң ықпал ету шаралары қабылдануда. Мәселен, 165 адам әкімшілік жазаға тартылды, 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталды.
Кешенді шаралар қабылдау 181 баланың алдындағы алимент бойынша берешекті 229,3 млн теңге сомасына өтеуге мүмкіндік берді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина