- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай облысында 1985...
Қостанай облысында 1985 жылдан бері КСРО төлқұжатымен жүрген зейнеткер анықталды
Фото:
Tengrinews.kz/Турар Казангапов
Қостанай облысы Қарабалық ауданында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ зейнеткер анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйелдің түсіндірмесіне сәйкес, 1985 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында КСРО төлқұжатымен тұрып, зейнетақы алу үшін құжаттарды рәсімдей алмады.
Көші-қон қызметі қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматының жаңа жеке куәлігін алуға көмек көрсетілді.
Қазіргі уақытта зейнетақы төлемдерін рәсімдеуге көмек көрсетіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина