Қостанай облысында 10 жастағы бала суға батып кетті

Арқалық қаласынан 6 шақырым жерде, Родина ауылының маңында 10 жастағы бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүзуге арналмаған су айдынынан 2015 жылы туған баланың мәйіті табылып, судан шығарылды.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, бала рұқсат етілмеген орында жалғыз өзі шомылып жатып суға кеткен. Оқиға болған жер демалуға бейімделмеген, қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталмаған.

Қостанай облысының ТЖД өңір тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңызын тағы да ескертеді:

  • Тек рұқсат етілген, арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылыңыз;
  • Балаларды су жағасында бір сәтке де қараусыз қалдырмаңыз;
  • Кәмелетке толмағандардың су айдындарына үлкендердің ертуінсіз баруына жол бермеңіз;
  • Техникалық су айдындарында, карьерлерде, қазылған шұңқырларда, каналдарда шомылудан аулақ болыңыз;
  • "Шомылуға тыйым салынған" белгілерге мән беріңіз;
  • Төтенше жағдай болған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!