ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство өңір басшысының орынбасары ұсталды деген ақпаратқа қатысты редакция сауалына жауап берді. Бұған дейін кейбір Telegram-арналарда облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деген ақпарат тараған еді.
"Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ҰҚК-нің жауабында.
Айта кетейік, Гүлбарам Мұсағазина Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2024 жылғы шілдеде тағайындалған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!