Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленкоға айып тағылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ТоболИнфо" агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-бөлігі "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану", Қылмыстық кодексінің 385-бабы 5-бөлігі "Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бойынша айыпталды.
Басылым мәліметінше, бұл - адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы жасаған қылмысы.
14 шілдеде өтетін сот отырысынан кейін бұл істің мән-жайы белгілі болады.
Владимир Михайленко - облысқа өте танымал адам. Ол 1977 жылы басталған еңбек жолын денсаулық сақтау саласына арнады.
Ол "Қазақстан Даңқы" орденімен, Гиппократ, "Қобыланды батыр" медальдарымен, "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгілерімен марапатталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!