"Екатеринбург-Алматы" тасжолында КIA және "УАЗ" маркалы екі жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" порталына сілтеме жасап.
Оқиға 27 шілдеге қараған түні 588-шағырымда болған.
Оқиға туралы сигнал Қостанай облысындағы "Щербаково" тасжолы медициналық-құтқару станциясының диспетчеріне сағат 23:31-де түскен.
"Зардап шеккендердің арасында үш кәмелетке толмаған және екі ересек адам бар. Олардың барлығы әртүрлі ауырлықтағы жарақаттар алды, екеуі шок күйінде болды", - делінген хабарламада.
Олар зардап шеккен бес адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Алтынсарин ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізген. Құтқарушылар өртті болдырмау үшін комби кескішті қолданып, аккумуляторды ажыратқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!