- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай құс фабрикасы...
Қостанай құс фабрикасы жұмыртқа бағасын көтерді деген күдікке ілінді
Қостанайдағы "Жас қанат-2006" құс фабрикасына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, "Жас қанат-2006" ЖШС құс фабрикасы Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзған.
"Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 1) тармақшасын бұзу белгілері бойынша Қостанай облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеуді бастады. Атап айтқанда, ЖШС жұмыртқаны көтерме сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұру бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдаланған", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова