Қостанай қаласында қонақүйден өрт шығып, бір әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 желтоқсанда Дружба ауылында "Жібек жолы" қонақүйінде өрт шыққан. Бұл туралы хабар сағат 11.00-де түскен.
Ғимараттың шатыры, екінші қабаты мен бірінші қабаты жартылай өртеніп кеткен. Қызыл жалын шамамен 450 шақырым жерді шарпыған.
Өрт сағат 13.18-де сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде бір әйел өлі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталып, тексеріс жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз