- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қостанай қаласында қонақүйден...
Қостанай қаласында қонақүйден өрт шығып, бір әйел өлі табылды
Қостанай қаласында қонақүйден өрт шығып, бір әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 желтоқсанда Дружба ауылында "Жібек жолы" қонақүйінде өрт шыққан. Бұл туралы хабар сағат 11.00-де түскен.
Ғимараттың шатыры, екінші қабаты мен бірінші қабаты жартылай өртеніп кеткен. Қызыл жалын шамамен 450 шақырым жерді шарпыған.
Өрт сағат 13.18-де сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде бір әйел өлі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталып, тексеріс жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина