Қостанай жылу энергетикалық компаниясының директоры сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 13 желтоқсанда Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры Асқар Бекпағанбетов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Осы үкіммен "Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС кәсіпорындарының басшылары Рүстем Зиннатуллин мен "АлатауСтрой-2009" ЖШС Төлеген Тұрлұғұлов мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры Асқар Бекпағанбетов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, газмазут жанарғыларын жеткізуге "КосДинКом" ЖШС-мен бұрын жасалған шартты заңсыз бұзып, "Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС және "Алатаустрой-2009" ЖШС-мен оның бақылауындағы компаниялармен жабдықтарды Қостанай ЖЭО-на жоғары бағамен жеткізуге және монтаждауға басқа шарт жасасып, мемлекетке 15 млн теңге көлемінде залал келтірді.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!